Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды
6 қаңтарда Қазақстанға 12 халықаралық әуе рейсі келген
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 6 қаңтарда халықаралық әуе рейстерімен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
6 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келген. 1 485 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 186 адам, анықтамасыз 299 ҚР азаматтары бар.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
5 қаңтарында шетелдерден анықтамасыз келген 215 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.