ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Вашингтонда жаппай тәртіпсіздікке қатысты коменданттық сағат енгізілді

Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын уақытша блоктап тастады

Фото: ашық дереккөзден

Вашингтон қаласының мэрі Муриэль Баузер қалада сағат 18.00-ден 06.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

«АҚШ Конгресі сайлаушылардың дауыстарын санау және демократ Джо Байден жеңген 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін түпкілікті растау үшін жиналды. Вашингтондағы жаппай наразылықтан кейін кетіп бара жатқан президент Дональд Трамптың жақтастарының бір бөлігі Конгресс ғимаратына кірді. Дональд Трамп жиналыс басталмас бұрын Вашингтонның орталығында мыңдаған адам қатысқан митингіде сөз сөйлеп, жеңілісті мойындаудан бас тартып, жақтастарын Капитолий ғимаратына баруға шақырды», - деп жазылған хабарламада.

АҚШ Конгресі мен Сенатының ғимараттарын күзететін полиция Трамптың жақтастарын Капитолийдан толығымен қуып шықты.

Айта кету керек, бүгін Instagram мен Facebook Трамптың аккаунтын - 24 сағатқа, ал Twitter 12 - сағатқа блоктады. Осы әлеуметтік желілермен бірге Youtube те Трамптың Капитолий маңында жақтастарына жолдаған видеоүндеуін көрсетпей тастады.