ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

7 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

Бейсенбі күні Қазақстан басым бөлігінде күн аяз болады

Фото: ашық дереккөзден

7 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде күн аязды, жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік-батысында, күндіз батысында, түнде оңтүстігінде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, күндіз көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты аяз, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады.