ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирустың жаңа штамы әлемнің 41 елінде анықталды

Еуропаның бірқатар мемлекеті шектеу шараларын күшейтіп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Еуропаның бірқатар елі коронавирустың таралуына байланысты шектеу шараларын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап.

2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап Ұлыбританияда үшінші рет қа таң карантинге жабылды . Елде тәулігіне індетті жұқтырғандардың 60 мыңнан астам жаңа деректері тіркелуде. Ұлыбритания үкіметінің бас медициналық кеңесшісі Крис Уиттидің айтуынша, Англияда әрбір 50 адамның біреуі коронавирус инфекция сын жұқтырған.

Германия билігі де шектеу шараларын кеңейтіп жатыр. Германия Канцлері Ангела Меркель жалпыұлттық карантинді қаңтардың соңына дейін ұзартатынын және індеттің таралуын тоқтату үшін жаңа, қатаң шаралар енгізілетінін мәлімдеді. Дүкендер мен мейрамханалар, сондай-ақ мектептер қаңтардың соңына дейін жабық, оқушылар қашықтықтан оқуға ауыстырылған.

Франция екпе егу қарқынын жеделдетуге тырысуда. Ел тұрғындары арасында екпеге күмәнмен қараушылар басым, сондықтан Францияда вакцинация көршілес Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда баяу жүруде - екпе қабылдаған адамдардың саны 3000 аспайды. 

Германияда қазірдің өзінде 270 мыңға жуық адам екпе алса, Ұлыбританияда миллионнан астам адам екпелерін алған. Бүгінгі күнде, COVID-19 коронавирусының «британдық» штамы әлемнің 41 елінде анықталған.