Атырауда ашылғанына бір апта болған тутұғырдан мемлекеттік ту екі рет түсірілді

Тудың жарты айда екі рет көрінбей қалуы атыраулықтарды алаңдатты

Атырауда ашылғанына бір апта болған тутұғырдан мемлекеттік ту екі рет түсірілді
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда ашылғанына бір апта ғана болған тутұғырдан мемлекеттік ту екі мәрте түсірілді. Биіктігі 91 метрлік тұғырдан тудың жарты айда екі рет көрінбей қалуы атыраулықтарды алаңдатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Жаңа жыл қарсаңында ашылған ту тұғырын атыраулықтар қуана қабылдаған. Ал туды жинап алдырып жүрген әкімдік көрінеді. «Ауа –райының қолайсыздығынан, регламентке сай алып тастадық» дейді құрылыс басқармасының өкілдері. 

«Жел секундына 7-8 метрге дейін көтерілген жағдайда және қатты жаңбыр болған кезде және қар жауған кезде міндетті түрде түсіріледі. Екінші себебі тутұғырдың өзі желден қатты қозғалған кезде деформация береді.  Оның өзінен белгіленген мерзімнен бұрын істен шығып кетуі де мүмкін», - дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.