03.01.2021, 16:20
Жаңалықтар
Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан әкелінуі мүмкін?
Министр компаниямен соңғы келіссөздер жүргізілгенін айтты
Фото: ашық дереккөзден
Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы елге тек жылдың екінші жартысында ғана әкелінуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Жаңа жыл қарсаңында біз Pfizer компаниясымен соңғы келіссөздерді жүргізіп, вакциналарды жеткізу мүмкіндігін талқыладық. Құны туралы келістік. Құпиялылық туралы келісімге қол қойылғандықтан, ішкі параметрлерге қатысты ақпаратты жариялай алмаймыз. Жалпы алғанда, бұл вакцина Қазақстанда екінші жартыжылдықта пайда болуы мүмкін деген ұсыныс айтылды», - деді министр.
Оның айтуынша, осы вакцинаны ҚР аумағында тіркеу және рәсімдеу үшін құжаттарды енгізу ұсынылды.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 09:35
«1 млрд тг пайда тапқан»: Ұлытауда карьерді рекультивациялау жұмысының астында заңсыз кен өндіріліп келген