ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанға Дубайдан келген 1 адамнан коронавирус анықталды

1 қаңтарда Қазақстанға 7 халықаралық әуе рейсі келді

Фото: ашық дереккөзден

20 жылғы 31 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«2021 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия және Біррікке Араб Әмірліктерінен 7 халықаралық әуе рейсі келді. 811 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 661 адам, анықтамасыз 150 ҚР азаматтары келді», - делінген хабарламада.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

«2020 жылдың 31 желтоқсанында анықтамасыз келген 252 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды», - делінген хабарламада.