31.12.2020, 23:34
Жаңалықтар
Instagram желісіндегі ең үздік фотосурет анықталды
Аталған фотосурет 2020 жылдың ең үздік фотосы болып отыр
Фото: ашық дереккөзден
Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду Диего Марадонамен түскен фотосын қараша айында Instagram желісіне жүктеген. Аталған фотосурет 2020 жылдың ең үздік фотосы болып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Роналду ескі суретті 25 қарашада аты аңызға майналған аргентиналық көз жұмғаннан кейін жүктеген. Нәтижесінде 19,5 миллион лайк жинады.

Екінші орында қайғылы жағдайда көз жұмған Чадвик Боузманнның суреті (19,1 млн лайк) тұр.

Үздіктер үштігін Лионель Мессидің де Диего Марадонамен түскен фотосуреті тұр. Ол 16,2 млн лайк жинады.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты