30.12.2020, 18:56
Жаңалықтар
Қазақстанда туған Сергей Кочан Хакасияда спорт министрі болды
Ол бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген
фото: krsk.sibnovosti.ru
Қазақстанда туған Сергей Кочан Хакасия Республикасының спорт министрі болып тағайындалды. Кочанды министр етіп тағайындау туралы жарлыққа өңір басшысы Валентин Коновалов қол қойды.
Сергей Кочан 1961 жылы 24 шілдеде бұрынғы Талдықорған облысы Пировский елдімекенінде (қазіргі Алматы облысы – ред.) дүниеге келген. Ол Красноярдағы металлургия институтын, сондай-ақ Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген.
Хакасия - Ресей Федерациясы құрамындағы ұлттық-мемлекеттік құрылым. Хакасия жері Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды