ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Түркістан облысында жаңа аудан құрылады

Жаңадан құрылатын ауданға «Сауран» деген атау беріледі

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Кентау қаласы мен оның ауылдық округінің тұрғындары Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің «Сауран» ауданын құру туралы бастамасын қолдады. Аймақ басшысының Кентау қаласына қарасты 12 ауылдық округі аумағынан жаңа аудан құру жөніндегі ұсынысы ҚР Президенті тарапынан да қолдау тапқан. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына арнайы келіп, тұрғындармен кездесуінде айтты.

«Менің ұсынысым Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты. Осы ұсыныстың негізінде жаңадан құрылатын ауданға «Сауран» атауын беріп, орталығы етіп «Шорнақ» елдімекенін бекітуді орынды деп санаймын», - деді өңір басшысы.

Жаңа құрылатын ауданға «Сауран» аты беріледі. Өйткені ортағасырлық тарихи Сауран қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және ежелгі Түркістан ұғымымен байланысты. Шорнақ елді мекені жаңа ауданның әкімшілік орталығы болып қалыптаспақ.