Құрманғазы ауданында нұротандықтар көпбалалы аналармен кездесіп, мәселелерін тыңдады
Партияның сайлауалды бағдарламасында көпбалалы аналардың әлеуетін арттыру назарға алынған
Отбасы – шағын мемлекет. Елдің, ұлттың келешегі осы жерден бастау алады. Оған қолдау білдіру елдің ертеңі жарқын болуына жол ашу. Сол себепті «Nur Otan» партиясы көп балалы отбасыларының жағдайын жақсартуға ықпал етуді өз назарынан тыс қалдырған емес. Мұндағы негізгі бағыт – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту арқылы бала тәрбиесімен айналысып отырған әйел аналардың мұң-мұқтажын шешу. «Nur Otan» партиясынан Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Болат Жүгінісов пен Гүлсара Мүтиева көп балалы бірнеше отбасында болды.
Құрманғазы ауылының тұрғыны Салтанат Шарафеденова 5 бала тәрбиелеп отырған ана. Өзі З.Серікқалиев атындағы мектеп-интернатта жұмыс жасайды. Сайлауға түскелі отырған үміткерлер мен олардың қасына ілескен БАҚ құралы өкілін жақсы қарсы алды. Жылы шырайда өткен әңгіме барысында «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Болат Жүгінісов Қазақстанның басты 7 жетістігі, алдағы атқарылар жұмыстар, індет тараған ауыр жыл болғанына қарамастан партияның халықтың әл-ауқатын төмендетпеу бағытында атқарушы билікпен бірлесіп өткізген шаралары туралы ой өрбітті.
«Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды. 1700 аз қамтылған отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді. Еріктілер арқылы 613 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді. «Nur Otan» партиясы әр адам өзіне және отбасына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға ықпал етуді жоспарлап отыр. Халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартамыз. «Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту үшін кешенді шараларды жүзеге асырады және олардың материалдық тұрақтылығы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі үшін жағдайлар жасайды. «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдауға және мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар әрі қарай жалғастырылады. 2025 жылға дейін «Іскер ана» жобасы арқылы жыл сайын 20 дан кем емес (аспаз, тігінші, шаштараз, сән салоны шеберлері - бет әрлеуші (визажист), маникюр, есепші, кадр ісі, ағылшын тілі (бастапқы база), массаж, компьютерлік сауаттылық, сатушы) аналарды оқу курстарынан өткізіп, мамандық алуға жәрдемдеседі», - деді Болат Теміржанұлы.
«Біздің партия Құрманғазы ауданы тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру арқылы атқарушы билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Сіздерді аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдайды деп сенеміз. Жақында қабылданған бағдарламамыз Құрманғазы ауданын кешенді дамытуға бағытталған. Онда ауданымызды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика құру және өмір сүру үшін жайлы аудан ететін нақты шараларды ұсындық. «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады. Алдымызға сіздің сенімдеріңізді ақтау міндетін қойдық», - деді ол.
Сол күні аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер Болат Жүгінісов пен Гүлсара Мүтиева аудандық ауруханада жұмыс жасайтын 3 бала тәрбиелеп отырған Жанар Боранғалиева мен Индира Сыдихованың да отбастарында болды. Олармен болған келелі әңгімеде «Nur Otan» партиясының 5 жылға арналған даму бағдарламасы жайлы түсінік беріліп, алдағы сайлауға бір кісідей қатысып, партияға дауыс береді деген сенім білдірілді. Көп балалы аналар өз тараптарынан қолдайтындарын жеткізді.
Қ.Ғұмаров
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді