Атырау облысының Құрманғазы ауданында депутаттыққа үміткерлер халықпен кездесті
Өңірде үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр
Атырау облысы С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Болат Жүгінісов, Есболат Құбашев, Гүлсара Мүтиева Құрманғазы ауылының тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты.
«Ауданымызда ауыл шаруашлығының негізгі саласы мал шаруашылығы болып табылады. Мүйізді ірі қара – 67 675, қой мен ешкі – 20 618, жылқы – 26 250, түйе – 5 091, құс – 6 579 басқа жеткізілді. Ауылшаруашылық жануарларын бағып өсірумен айналысатын өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтар, жеке мал иелерінің өз қажеттілігіне байланысты жаратуда. Биылғы жылы 931 гектар жерге егін егілді. Егін науқанына 280-300 шамасында адам, 20-25 әртүрлі ауылшаруашылық техникалары қатысты. Картоптан 480га, көкөністен 221 га, бақшадан 79 га егін жиналды. Аудан көлемінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес қызмет атқаратын "Каспий-балық", "Каспий таңы" ӨК, "Ш.Сүлейменов" ЖШС, "Е.Сәрсенбаев" ЖК бар, бұл шаруашылықтардан басқа Атырау қаласындағы "Амангелді", "Тілекші" ЖШС-нің бөлімшелері аудан аумағында балық шаруашылығымен айналысады. Аудандағы табиғат пайдаланушылар 2020 жылғы балық аулау науқаны басталғаннан бері 2476 тонна су маржандарын аулап, бөлінген 2537 тонна лимиттің 98 пайызын орындады.
«Nur Otan» партиясы ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру, аудан орталығынан халықтың және шаруа қожалықтардың өнімдерін өткізуге арналған сервистік дайындау-өткізу орталықтарын ашу, ұйымдастырылған шаруашлықтардағы ірі қара малдың үлесін 38%-дан 38,5%-ға дейін арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының санын 4-тен 6-ға дейін көбейту, мал азығы дақылдары егілетін алқапты 190 гектарға дейін арттыру балық өнімдерін экспортқа шығару көлемін 42%-дан 50%-ға дейін ұлғайту, т.б. міндеттерін алға қояды.
«Сонымен қатар, 2021-2025 жылдары келесідей үш жобаны жүзеге асырғалы отыр. Оның ішінде: 2022 жылы – Бірлік ауылында заманауи технологиялармен жабдықталған балық өңдеу цехын ашу; 2025 жылы Алға ауылында 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңын және Шортанбай ауылында Қиғаш өзені саласынан балық шабағын өсіру үшін тоған шаруашылығын салу», - дей келе Болат Теміржанұлы биылғы жылы аудан шаруалары малды асылдандыруға, ірі сабақты мал азығын дайындауға қатысты Үкіметтен бөлінген субсидияларға қол жеткізгенін атап өтті.
Мал иелері мен бақташыларға алдағы уақытта қарастырылатын жеңілдіктерді де назардан тыс қалдырмады. Үміткер, аудандық фермерлер одағының төрағасы Есболат Құбашев аудан бойынша 670 фермерлік қожалық тіркелгенін, осы шаруагерлердің толғандырған мәселелерін жоғары жаққа жеткізуге дәнекер болып жүргенін алға тартты. Партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі басымдықтарын таныстырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Қ.Ғұмаров
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді