ШұғылӨткен тәулікте елімізде 753 адамнан коронавирус анықталды

«Канело» мен GGG арасындағы үшінші кездесу мамыр айында өтуі мүмкін – БАҚ

Бұл тізімде GGG-дан бөлек Билли Джо Сондерс, Калеб Плант бар

Boxingnews24.com сайтының тілшісі Дэн Эмброуздың ақпаратына сенсек, Сауль Альварестің кезекті жекпе-жегіндегі үш қарсыластың бірі - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин болмақ. Оның айтуынша, келесі кездесу 2021 жылдың мамырында өтпек.

DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім бойынша бірінші айқаста «Канело» WBA/WBC нұсқалары бойынша орта салмақта WBC желісі бойынша міндетті үміткер Авни Йылдырымға қарсы шығады. DAZN-мен келісімшарт аясында екінші жекпе-жек үшін «Канело» жұдырықтасуға шығатын үш қарсылас бар: Билли Джо Сондерс, Калеб Плант, Геннадий Головкин.

Еске салайық, 19 желтоқсанда BF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді.