28.12.2020, 11:21
Жаңалықтар
Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы атанды
Дубайда жыл сайынғы Globe Soccer Awards шарасы өтті
Фото: ашық дереккөзден
27 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) жыл сайынғы Globe Soccer Awards салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz -ке сілтеме жасап.
Биыл ұйымдастырушылар «Ғасыр футболшысы», «Ғасыр жаттықтырушысы», «Ғасыр клубы» және «Ғасыр агенті» марапаттарының жеңімпаздарын анықтады. Яғни 2001 жылдан 2020 жылға дейінгі аралық қамтылды.
«Ювентус» пен Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы атанды.
Ғасырдың ең үздік бапкері «Манчестер Сити» бас жаттықтырушысы – Хосеп Гвардиола, ал ең үздік клуб «Реал» деп танылды. Үздік агент марапатын Роналдудың мүддесін қорғайтын Хорхе Мендес алды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты