Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 80 милионнан асты

Індеттің таралуы бойынша АҚШ, Үндістан, Бразилия көш бастап тұр 

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 80 милионнан асты
Фото: ашық дереккөзден

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметі бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 80 миллионнан асты.  

Індеттің таралуы бойынша АҚШ, Үнідстан, Бразилия көш бастап тұр. Құрама Штаттарда науқастар саны 19 миллионға жуықтаса, Үндістанда 10 миллионнан асқан.   

Кәрі құрлықта да шектеулер қатаңдатылғанмен, вирусты жұқтырғандар азаяр емес. Италияда соңғы бір аптада вирусты жұқтырғандар саны қайта өскен. Жергілікті билік вакцинаға үлкен үміт артып отыр. Елде вирусқа қарсы екпе жасау жұмыстары кеше басталған.  

Ал Ұлыбританияда шыққан коронавирустың жаңа штаммы Еуропа мен әлемнің өзге елдерінен анықталып жатыр. Жаңа вирус Норвегия, Франция және Оңтүстік Кореяда тіркелді.   

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.