ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Елордада бүлдiршiндер арасында еңбектеуден жарыс ɵттi

Жарысқа 6 айдан 1,5 жасқа дейiнгi балалар қатысты

Фото: elorda.info

Бас қалада алғаш рет бүлдiршiндер арасында жарыс ɵттi. Жарыстың ерекшелiгi сол оған 6 айдан 1,5 жасқа дейiнгi балалар қатысты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Елорда Инфоға сілтеме жасап.

«Кiшкентай бүлдіршіндер арасындағы еңбектеуден жарыс астанада ғана емес, елiмiзде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бүгiнгi байқауға 375 ата-ана ɵтiнiш бiлдiрген. Арасында ауа райына байланысты келмей қалғандары да бар. Бұл конкурсқа ɵтiнiш беру екi апта бұрын басталған. Бастапқыда ниет бiлдiрген ата-аналар саны аз болатын. Қатысушылар аз болғандықтан, аздап қобалжыған едiк. Бiрақ соңғы үш күнде олардың қатары күрт артты», – дедi ұйымдастырушы «Korkem» компаниясының астаналық филиалының жетекшiсi Гүлнәр Құнанбаева. 

Компания ɵкiлi Хадиша Əбдiғалиқызының айтуынша, жеңiске жеткен бүлдiршiндер ɵзара сынға түсiп, соның нəтижесiнде екi чемпион анықталады. Жарыс жолының қашықтығы – 10 метр. Осы аралықты еңбектеп ɵтуi үшiн ата-аналары ұялы телефондарын, түрлi ойыншықтарын пайдаланды. 

Тегтер: