Міндетін орындай алмайтын оқу орындары қысқартылуы мүмкін - Сапарбаев
Ел бойынша 132 университет бар. Бірақ барлығы бірдей білікті кадрларды даярлай алмай жатыр
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қостанай облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жиын барысында Бердібек Сапарбаев білім саласына қатысты өзгерістер туралы айтты.
«2020 жылы ұстаздардың жалақысы 30 пайызға көтеріледі. Сонымен қатар қазір 3 ауысымды мектептер мен апаттық жағдайда деп танылған оқу ошақтарының проблемаларын шешуге көңіл бөлініп жатыр. Соңғы уақытта жоғары білім сапасы ақсап барады. Ел бойынша 132 университет бар. Бірақ, барлығы бірдей білікті кадрларды даярлай алмай жатыр.Үкімет комиссиясы осы бағытта қыруар шаруа атқаруда. Жүктелген міндетті орындай алмайтын университеттер мен колледждер қысқартылуы мүмкін», - дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.