Коронавирустың британиялық штамы әлемге тарала бастады
Алғашқы жағдайлардың бірі Швейцарияда тіркелді

Швейцария Денсаулық сақтау федералды кеңсесінің хабарлауынша, коронавирустың жаңа штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Белгілі болғаны, Ұлыбританияның екі тұрғынынан алынған сынамалар оң нәтиже көрсеткен.
Ведомствоның мәліметінше, Ұлыбританияда COVID-19 жаңа штаммы анықталғаннан кейін Швейцария вирустың кез келген мутациясын анықтау үшін жедел шаралар қабылдады. Қазіргі уақытта коронавирус анықталған адамдардың сынамалары зерттеуге алынған.
«Қарастырылған мутацияны сынама оң нәтиже көрсеткен екі адамның үлгісінде анықтауға болады. Бұл адамдар Ұлыбританияда тұрады, ал оң нәтиже Швейцария жеріне келген соң анықталды. Үлгілерді жүйелеу Женевадағы жаңа вирустық аурулардың Ұлттық анықтамалық орталығында жүргізілді», - делінген хабарламада