Нұр-Сұлтанда демалыс күндері автобустар жүре ме

Жаңа жылда қоғамдық көліктер саны көбейтіледі  

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері автобустар жүре ме
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда демалыс және мереке күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілді, бұл ретте автобустар саны да ұлғайтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі, елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдемесіне сүйеніп. 

Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, соңғы екі аптадағы инфекциялық стационарлардың жүктелуі және азаматтардың коронавирустық инфекция бойынша медициналық көмекке жүгінуі, сондай-ақ шақырулар санының азаюы бойынша оң динамиканың аздығын ескере отырып, қала бойынша кейбір қызмет түрлерінің жұмыс режимін қайта қарау туралы шешім қабылданды.

«Жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері 06.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс кестесімен қарбалас уақытта автобустар санын көбейте отырып, қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілді», - деп хабарлады Пірәлиева қалалық әкімдікте өткен брифингте.

Сонымен қатар, оның айтуынша, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялық құралдармен міндетті түрде өңдеу, барлық есіктер ашылып, жолаушыларға қолжетімді жерлерде антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.

Жолаушылар әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап, бетперде кию керек.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.