24 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жел, қар, боран болады

24 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

24 желтоқсан күні еліміздің солтүстік жартысында, шығысында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның солтүстік жартысында, шығысында және қиыр оңтүстігінде қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстанның қалған аумағында күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, боран соғады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күшейіп, жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы, Манғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде қатты аяз болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.