$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.12.2020, 23:27
Жаңалықтар

Қостанай облысында діни нысандардың жұмысына рұқсат берілді

Алайда, діни нысандарда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

Қостанай облысында діни нысандардың жұмысына рұқсат берілді
Фото: баспасөз қызметінен

Қостанай облысында діни нысандардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өткізген өңірде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өңірлік жедел штаб карантин шараларын жеңілдету туралы ұсыныстарды талқылады. Нәтижесінде облыста діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне рұқсат етілді. Алайда діни нысандарда ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды», - деп жазылған хабарламада.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Дін істері басқармасына діни нысандарда санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек, облыстың жедел штабы қабылдаған шектеулер 2021 жылғы 6 қаңтарға дейін жалғасады. Атап айтқанда, отбасылық, ұжымдық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ мониторинг топтары жалға берілетін үй-жайларды тексереді. Қоғамдық тамақтану объектілері жексенбі күндері тек «жеткізу» қағидатымен жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары