$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2020, 00:27
Жаңалықтар

Қазақстан Тәжікстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді

Мобильді аппараттарының 100 жиынтығы автокөлікпен жөнелтілді

Қазақстан Тәжікстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Тәжікстанға 100 мобильді өкпені жасанды желдету аппаратын жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан «Көкшетау-4П» аталатын өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 100 жиынтығын автокөлікпен жөнелткен. Құрылғылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 837 «Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету туралы» қаулысын орындау шеңберінде жіберілген», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, «Көкшетау-4П» аппараттары Көкшетаудағы «Тыныс» зауытында құрастырылады. Кәсіпорын айына шамамен 500 құрылғы шығарады. Ал бір аппараттың бағасы 750 мың теңгені құрайды. Бұл құрылғылар мобильді түрде жұмыс істейді. Мысалы, оларды жедел жәрдемге орнатуға немесе үйде пайдалануға болады.

Серіктес жаңалықтары