23.12.2020, 21:27
Жаңалықтар
Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда қар жауып, тұман түседі
Фото: ашық дереккөзден
24 желтоқсан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Шымкент қаласында түнде тұман болжанады.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, түнде солтүстігінде қатты аяз 22°С болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, кей жерлеріндетұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желді күші 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында сондай-ақ,тұман болжанады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 5-20 жетеді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды