ШҚО-да нұротандықтар педагогтармен кездесті

Партия өкілдері білім сапасына көңіл бөлінетінін айтты

ШҚО-да нұротандықтар педагогтармен кездесті

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Баубек Абылқасымовтың сенімді өкілдері білім саласының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер сайлаушыларды алдағы 2021-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, білім сапасын арттыру бойынша партияның алдағы 4 жылда атқаратын жұмыстарының жоспарымен бөлісті.

Ұстаздың елдің дамуына қосар үлесі зор екенін айта отырып, жауапкершіліктің де көп екендігін тілге тиек етті. Себебі, келешек ұрпақтың білімді әрі білікті болуы, еліне, халқына пайда тигізуі бірінші отбасынан, содан соң мектеп қабырғасынан алған тәрбие мен білімінен екендігін жеткізді.

Шара соңында ауданның дамуына қатысты ұтымды ұсыныстар айтылып, білім саласының қызметкерлері өздерінің «Nur Otan» партиясымен әрқашан бірге екендіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясының  Шығыс Қазақстан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.