$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2020, 12:13
Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге талап жеңілдетілді: Елде мониторинг топтардың жұмыс алгоритмі өзгерді

19 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі жаңартылған алгоритмді ұсынды

Кәсіпкерлерге талап жеңілдетілді: Елде мониторинг топтардың жұмыс алгоритмі өзгерді
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-омбудсмен кеңсесінің бастамасы бойынша мониторингтік топтардың жұмыс алгоритміне өзгерістер енгізілді. Кеше, яғни 19 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі жаңартылған алгоритмді ұсынды. Ол көптеген мәселелерді жеңілдетуі тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсінов мәлімдеді. Ол бұған дейін өзінің Facebook парақшасындағы жазбасында «Кәсіпкерлерге мониторинг топтар қатаң жаза қолдануды тоқтатпай отыр» деген қынжылысын білдірген болатын. 

«Достар, жақсы жаңалықты бөліссем деймін! Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-омбудсмен кеңсесінің бастамасы бойынша мониторингтік топтардың жұмыс алгоритміне өзгеріс енгізілді. Биыл 7 желтоқсанда коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мониторингтік топтар жұмысының алгоритмін бекіткен болатын, дегенмен, мониторингтік топтар құрамының ашықтығы, тексерулер үшін негіздер және оларды бизнес объектілерінде жүргізу тәртібіне қатысты бірқатар мәселе ашық күйінде қалған еді. Біз бұл олқылықтардың орнын толтыруды ұсындық. Кеше, 19 желтоқсанда Үкімет жаңартылған алгоритмді ұсынды, ол көптеген мәселелерді шешеді», - дейді Р. Жүрсінов.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жақында мониторингтік топтардың назарын тек ең өрескел заңбұзушылықтарға аудару туралы ұсыныс айтқан. Жаңа алгоритмде бұл ұсыныс ескерілген, мониторингтік топтарға бизнесті тек 5 талаптың сақталуы тұрғысынан тексеру ұйғарылып отыр дейді ол.

Олар:

  • 1) жұмыс режимін сақтау;
  • 2) адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуден бас тарту;
  • 3) әлеуметтік қашықтықты сақтамау;
  • 4) маска режимін сақтамау;
  • 5) келушілер санының лимиттен асуы.

Егер мониторингтік топ осы 5 заңбұзушылықтың біреуін анықтаған жағдайда, ол кәсіпкерге айыппұл сала алмайды. Материалдар санитарлық дәрігердің тексеруінсіз әкімшілік іс жүргізу үшін СЭС-ке жіберіледі немесе шұғыл хабарлама жасалады, ал СЭС инспекторы кәсіпкерді тексереді. Екінші жағдайда санитарлық дәрігер бизнес нысанын тексеру парағында қарастырылған талаптардың сақталуын тексереді (қазіргі уақытта 24 талап бар, бірақ жақын арада оны 20-ға дейін қысқарту жоспарлануда).

Енгізілген тағы бір маңызды жаңалық, енді әкімдіктер мониторингтік топтар тексеруге шықпас бұрын олардың дербес құрамын өз сайттарында жариялауға, ал мониторингтік топтардың мүшелері болған жағдайда қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті болады. Осылайша, кәсіпкерлер өздерін тексеруге заңды бақылау тобы келгенін тексере алады.

«Сондай-ақ алгоритмге рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылатын аумақтың учаскесін мониторингтік топтың алдын ала айқындап алуы туралы біздің ұсынысымыз енгізілген. Бұл мониторингтік топтардың жұмысын цифрлық бақылауға негіз болды. Цифрлық мониторинг олардың қызметінің ашықтығын арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Әзірге цифрлық мониторинг пилоттық режимде тек Түркістан облысында ғана жүргізілуде. Біз бұл тәжірибені бүкіл елге таратуды ұсынамыз»,- дейді Рүстем Жүрсінов.

Егер сізге немесе сіздің бизнесіңізге қатысты мониторингтік топ мүшелері заңға қайшы әрекет жасаған болса, 1432 қысқа нөмірі бойынша ҰКП call center-ге хабарласыңыз, сізді жедел әрекет ету үшін тиісті өңірлік кәсіпкерлер палатасының немесе аумақтық прокуратураның заңгерлерімен байланысқа қосады (барлық өңірлерде бизнесті қорғау үшін «Атамекеннің» және прокуратураның бірлескен мобильді топтары жұмыс істейді).

Мониторингтік топ мүшелері тарапынан сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністері орын алған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 қысқа нөміріне хабарласыңыз.  

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары