COVID-19: Атырау облысында шектеу шаралары қайта күшейтілді

Сонымен қатар Теңіз кен орнында шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

COVID-19: Атырау облысында шектеу шаралары қайта күшейтілді
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың жаңа қаулысымен облыста карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген Бас санитар дәрігердің №71 қаулысында.

Қаулыға сәйкес, Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды. Ал өңір тұрғындарына респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну ұсынылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.