19.12.2020, 23:29
Жаңалықтар
Павлодар облысында қар құрсауынан 16 адам құтқарылды
Қар құрсауында 6 жеңіл автокөлік тұрып қалған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысының Ақтоғай ауданында Ақжол ауылының маңында ауа райының қолайсыздығына байланысты қар құрсауында 6 жеңіл автокөлік тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ТЖ орнына 8 құтқарушы 2 техникамен жедел жетіп, 16 адамды құтқарды. Азаматтардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.
Павлодар облысының ТЖД азаматтарға дауылды ескерту жарияланған жағдайда елдімекендерден шықпауға кеңес береді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды