Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Республиканың бес облысында көктайғақ болып, тұман түседі

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, 16 желтоқсанда 21 сағаттан 18 желтоқсанға дейін Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады. Дауылдың ықтималдығы 70-75% құрайды.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Оралда 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшейеді. Оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Көкшетау қаласында күндіз оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды.
Маңғыстау облысында 15 желтоқсанда кешкі сағат 8-ден 16 желтоқсанда кешкі сағат 20-ға дейін кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақтауда 16 желтоқсанда күндіз көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел, екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.
Атырау облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м / с жел соғады. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.