Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы партия назарында
Парламент және барлық деңгейдегі маслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғауда
Шымкентте Nur Otan партиясы атынан жергілікті мәслихаттың депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгін кандидаттар Абай ауданындағы «GOLD ALIMINIUM» зауытында болып, жұмысшылармен кездесті.
Мекеме алюминий профильдерін, пластикалық профильдерді, арматура мен компоненттер шығараумен айналысады.
Үгіт-насихат жүргізу барысында зауыт қызметкерлерімен Эльмира Созакбаева кездесті. Кандидат ұжымға партия бағдарламасының «экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы» бағыты туралы айтып, алдағы сайлау науқанында белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ, ұжым тарапынан айтылған ұсыныстар партия филиалының 2025 жылға дейінгі бағдарламасында толық қамтылатыны жайлы хабар берді.
Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.