$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2020, 18:02
Жаңалықтар

Жалағашта 3 пәтерлі 30 жалдамалы тұрғын үй салынады

Облыста сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

Жалағашта 3 пәтерлі 30 жалдамалы тұрғын үй салынады

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының орталығы Жалағаш кентінде 3 пәтерлі 30 жалдамалы тұрғын үй салынады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Балайым Кесебаев елдімекендегі «Қаракөз» сауда үйіндегі тұтынушылармен өткен экспромт-кездесуде айтты. Шараға облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жақсылық Үздембаев, Садық Мұстафаев және Имамзада Шағыртаев та қатысты.

«Nur Otan партиясы халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды мақсат етіп отыр. Мемлекет отбасының тұрғын үйге қолжетімділігін қолдайды. Ауданда жеке тұрғын үй кезегінде 285 адам, жер учаскесі кезегінде 2200 адам тұр. Ол үшін 2021 жылдан бастап Жалағаш кентінде жалпы ауданы 2,1 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үй құрылысын және 3 пәтерлі 30 жалдамалы тұрғын үй құрылысын салуды мақсат етіп отыр. 2022 жылы Жалағаш кентінің «Ақтерек» учаскесінде көлемі 170 га жерге тұрғын үй салу үшін инфрақұрылым жүргізуге, Ауданның елді мекендерін көгалдандыру мақсатында аяқсу мәселелерін толығымен шешу; 2025 жылдан бастап Жалағаш кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сұрыптау желілерімен қоса салуға ықпал етеді. Бұл жобалар жүзеге асуы үшін сіздерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын», - деді үміткер Б.Кесебаева.

«Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. «Nur Otan» партиясы кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматты өз кәсібін ашуға оқытуға, жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде несиелер және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға грант беруге, кәсіпкерлерді қаржылық қолдау мақсатында жеңілдетілген несиелер, кепілдіктер, лизинг пен гранттар ұсынуға ықпал етеді», - деді өз кезегінде сөз алған үміткер Имамзада Шағыртаев.

Ал, ҚР құрметті спорт қайраткері, партия атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміктер Садық Мұстафаев «Nur Otan» партиясы алдағы бес жылға арналған өз жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын жеткізді.

Сауда үйіне келушілердің барлығына үгіт парақшалары таратылды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары