$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2020, 09:25
Жаңалықтар

Ақмола облысында тұрмыстық газ баллонының бағасы төмендеді

Облыста газ баллонын тарататын субъектілердің бағаны шекті межеден көтеріп, заңбұзушылық жасағаны белгілі болды

Ақмола облысында тұрмыстық газ баллонының бағасы төмендеді
Фото: ашық дереккөзден

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы департаменті тексеріс жүргізу барысында облыстағы газ таратушылардың бағаны заңсыз көтеру фактілерін анықтаған. Осыған сәйкес тұрмыстық газ баллонының бағасы едәуір төмендетілді, деп хабарлайды Аzattyq Ruhy тілшісі. 

Ведомствоның мәліметінше, Атбасар қаласындағы «Атбасар Газ» және Көкшетау қаласындағы «Облгаз» газ баллонын тарататын субъектілердің бағаны шекті межеден көтеріп, заңбұзушылық жасағаны белгілі болған. 

«Агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысының аудандары мен қалаларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Аталған субъектілер газ сату кезінде баллондағы газдың бағасын шілде және қыркүйек айларында төмендетпеген. Тауар нарығын талдау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы мен баллондардағы газдың бағасын белгілеу немесе ұстап тұру жолымен нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері бөлігінде бірқатар заңбұзушылық анықталды.Ал бұл уақытта ҚР энергетика министрінің 2020 жылдың 12 маусымындағы №227 бұйрығына сәйкес 1 шілдеден 31 қыркүйекке дейін ҚҚС-сыз 28 мың теңгеге дейін төмендетілуі тиіс болған», - делінген облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің хабарламасында.

Осыған сәйкес департамент кәсіпкерлік кодексінің 170 бабының 1 тармағы бойынша "Облгаз" және "Атбасар Газ" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне заң талаптарының бұзу фактілері бойынша хабарлама шығарды. Нәтижесінде, "Облгаз" баллондары 1 кг үшін 155 теңгеден 146 теңгеге дейін, ал "Атбасар Газ" баллондары 160 теңгеден 150 теңгеге дейін төмендетілген. 

Облыстық бәсекелестікті қорғау департаменті монополияға қарсы заңнамалардың бұзылу фактілерін анықтау және монополияларға қарсы әрекет жасау үшін департамент апта сайын мониторинг жүргізетінін хабарлады. 

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары