$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2020, 00:25
Жаңалықтар

10 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Бейсенбі күні республиканың басым бөлігінле қар жауады

10 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

10 желтоқсан күні республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. ҚР солтүстігінің кей жерлерінде көктайғақ болжанады, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумағында көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 21 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

 

Серіктес жаңалықтары