$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2020, 14:52
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әкімдігінің имиджі үшін 125 миллион теңге: тендер жариялаған шенеунік жазаланды

Алтай Көлгінов оң имидж үшін бюджеттен бір тиын да бөлінбегенін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан әкімдігінің имиджі үшін 125 миллион теңге: тендер жариялаған шенеунік жазаланды

Нұр-Сұлтан қаласының мэрі Алтай Көлгінов әкімдік имиджін көтеру үшін бюджеттен 125 миллион теңге бөлінді деген даулы ақпаратқа қатысты бірінші рет пікір білдірді.  

ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында «әлеуметтік желілерде жағымды пікір үшін 125 млн теңге бөлудің қаншалықты қажеті болды?» деген журналистердің сауалына жауап берген қала әкімі Алтай Көлгінов аталған лоттың жойылғанын және әкімдіктің оң имиджін қалыптастырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

«Мұны ойластырған басқарма басшысы жауапқа тартылды. Бұл лот жойылды, қазір ол жоқ. Бұл мәселе туралы кейбір БАҚ қате түсінік берді. Осыны ұйымдастырған адаммен сол сәтте-ақ келісімшарт бұзылды», - деп түсіндірді Көлгінов.

Қала басшысы әкімдіктің жұмысына қатысты оң имидж қалыптастыруға биыл да, келесі жылы да бюджеттен 1 тиын да бөлінбегенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан әкімдігі Dasco DataCom компаниясына мемлекеттік тапсырыс аясында имиджіні ілгерілету үшін 125 миллион теңге бөлгені туралы ақпарат тарады. Компания белгілі гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовқа тиесілі. Ақпарат көпшілікке жария етілді, жұртшылық әкімдікті қатты сынға алды.

Серіктес жаңалықтары