$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2020, 14:17
Жаңалықтар

Елордада тұрғын үй сертификатының мөлшері 1,5 млн теңгеге артады

Сонымен қатар баспана алушылар санаты кеңейтіледі

Елордада тұрғын үй сертификатының мөлшері 1,5 млн теңгеге артады
Фото: ашық дереккөзден

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Шаңырақ» (5-10-20) тұрғын үй сертификатын алушылар санаты кеңейтілетіні туралы айтты. Егер бұрын тізімге халықтың әлеуметтік осал топтарынан тек 3 санат кіретін болса, енді 9 санат енеді. 

Тұрғын үй сертификатының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін арттыру жоспарланған. 

«Тұрғын үй мәселесі - маңызды бағыттардың бірі. Тұрғын үй сертификаттарынан басқа, біз Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асыратын Бағдарламаға өзгерістер енгіздік. Мұнда біз әлеуметтік пәтер алушылардың санатын кеңейттік. 1 мың пәтерге тек медицина қызметкерлері мен мұғалімдер ғана емес, өрт сөндірушілер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері, полиция департаментінің қызметкерлері де үміткер бола алады», - деді Алтай Көлгінов ОКҚ брифингінде.

Осы бағдарлама бойынша бастапқы жарна пәтер құнының 1%-ын құрайды, кейіннен тұрғын үйді жекешелендіруге болады.

Әкім 2020 жылы қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі артқанын нақтылады. Бұл шамамен 8 мың пәтер, олардың бір бөлігі кезекте тұрғандарға арналған, екіншісі – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша берілетін пәтерлер.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары