$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2020, 14:01
Жаңалықтар

LRT құрылысын аяқтау үшін зейнетақы қоры мен Ұлттық қордан ақша алынбайды

Astana LRT жобасына қатысты проблемалар Астана банкі лицензиясынан айырылғаннан кейін басталды

LRT құрылысын аяқтау үшін зейнетақы қоры мен Ұлттық қордан ақша алынбайды

Құрылысы ұзаққа созылған Astana LRT жобасын аяқтауға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе Ұлттық қордан ақша алынбайды. Оның орнына билік инвестиция көзін іздейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, жоба бастапқыда ауқымды болады деп көзделген. Құрылыстың бірінші кезеңінде LRT желісі «Нұрлы жол» вокзалына дейін, екінші кезеңде ескі вокзалға дейін созылуы керек еді. Бірақ нәтижесінде бірінші кезеңдегі жоспар да орындалмаған.

«БЖЗҚ мен Ұлттық қордың қаражатын тарту мәселесі қарастырылмайды. Бастапқыда алғашқы инвестициялық қаражат Қытай даму банкінен тартылды. Олар валютада», - деді Көлгінов.

Көлгінов Astana LRT жобасына қатысты проблемалар Астана банкі лицензиясынан айырылғаннан кейін басталғанын нақтылады. Сондай-ақ пандемия жобаға қатысты жағдайды одан сайын ушықтырып жіберген.

«Бұл капиталды қажет ететін процесс, пандемия кезінде банктермен жұмыс тоқтатылды. Қала кеңеюде, жолаушылар көлігінің қосымша түрлерін енгізу керек, иә, нақты проблемалар болды, ал қазір құқықтық органдар тарапынан тергеу әрекеттері де бар. Нәтижесі бойынша жауап тыңдалады. Сондықтан, бұл оңай мәселе емес. Әзірге жауап осындай, жоба бойынша сіздерге хабарлап отырамыз», - деп атап өтті әкім.

Көлгіновтің айтуынша, елорда аумағы кеңейіп келеді және жерүсті метросы расымен де қажет. Аманжолов көшесінен «Нұрлы Жол» вокзалына дейінгі бес шақырымдық аймақта алдағы жылдары мектептер мен тұрғын үй кешендері салынады. Онда тұратын адамдар үшін LRT-нің пайдасы көп болмақ.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары