$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 11:01
Жаңалықтар

Қауіпсіздік сертификатын қалай орнатуға болады?

Елордада «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуы басталды

Қауіпсіздік сертификатын қалай орнатуға болады?
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес, интернет жұмысында іркілістерді болдырмас үшін қауіпсіздік сертификатын орнату қажет. Оны қазақстандық мобильдік операторлар жариялаған нұсқаулықтардың көмегімен орнатуға болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

2020 жылғы 6 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуы өтуде. Қазақстандықтарға кейбір шетелдік интернет-ресурстарға қол жеткізудегі ықтимал проблемалар туралы ескертілді.

«Киберқауіпсіздік кезеңінде кейбір шетелдік интернет-ресурстарға қол жеткізуде түрлі проблемалар туындауы мүмкін, оларды қауіпсіздік сертификатын орнату арқылы жоюға болады. Оны орнату бойынша толық ақпарат алу үшін байланыс операторларына олардың ресми интернет-ресурстарына және техникалық қолдау қызметтеріне жүгіну қажет», - делінген министрліктің ресми хабарламасында.  

Биылғы пандемияға және қашықтықтан жұмыс түрлеріне көшуге байланысты елдің цифрлық кеңістігіне кибершабуылдар жиілеп кетті. Атап айтқанда, 2020 жылы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда интернеттің қазақстандық сегментіндегі кибершабуылдар саны 2,7 есеге жуық өсті.

«Жыл сайын ақпараттық қауіпсіздіктің миллиардтаған оқиғалары (2020 жылы - шамамен 4 млрд оқиға) және миллиондаған кибершабуылдар (шамамен 200 млн шабуыл) тіркеледі. Бұдан басқа, пандемия және қашықтағы жұмыс құралдарына көшу кезеңінде цифрлық инфрақұрылымға жүктеме күрт өсті, біз бұған дайын болмадық»,- деді ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары