$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.12.2020, 10:56
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің 30%-ы ақпараттық қауіпсіздік саясатын бұзды

Олар фишингтік ресурстарды зиянды бағдарламалармен ашқан

Мемлекеттік қызметшілердің 30%-ы ақпараттық қауіпсіздік саясатын бұзды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда кибер жаттығулар өтуде. Оның мақсаты – мемлекеттік органдарды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелерді, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарын, ақпараттандырудың аса маңызды объектілерін тексеру, туындаған қатерлерге қарсы тұру. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Шартты бұзушы экстремистік ниетпен электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілеріне жаппай DDoS-шабуылдар жасайтын болады. Мемлекеттік интернет-ресурстарды бұзуға, әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуға, фишинг жасауға және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді таратуға әрекет жасалды», - деді Руслан Әбдіқалықов.

Кибер жаттығулар жоспары бойынша кейбір іс-шаралар мерзімінен сәл ертерек басталды. 

«Осы нәтижелер туралы біз жаттығудан кейін есеп береміз. Әзірге белгілі болғаны, мемлекеттік қызметшілердің 30%-ға жуығы ақпараттық қауіпсіздік саясатын бұзды және зиянды БҚ-мен фишингтік ресурстарды ашты», - деді ол.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары