Шымкентте жол жөндеген компанияларға 68 рет айыппұл салынған
Жыл басынан бері автокөлік жолдарының жай-күйіне 500 рет тексеріс жүргізілген
Шымкентте жол жөндеген мердігер компанияларға 68 рет айыппұл салынған. Полицейлер жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегенін және айналаны ластағанын анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биыл жыл басынан автокөлік жолдарының жай-күйіне 500 рет тексеріс жүргізілген. Кешенді тексеру нәтижесімен анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге 458 ұйғарым жолданған. Ал мердігер компанияларға 70-ке тарта әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 147 мектептің алдындағы жолдарды зерделеген. Ондағы сызылған жаяу жүргіншілер жолақтарын қайта жаңартқан», - деп жазылған хабарламада.