$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2020, 02:41
Жаңалықтар

Түркістан облысында COVID-19 жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді

Әйел коронавирустың симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған

Түркістан облысында COVID-19 жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында COVID-19 індетіне шалдыққан әйел дені сау баланы дүниеге әкелді. Сайрам ауданының 25 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

«Аяғы ауыр келіншек толғағы басталғанда Сайрам аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер ана мен бала өміріне төнген қауіпке байланысты кесарь тілігімен босандырып алған. Дер кезінде жасалған шұғыл медициналық көмектің арқасында әйел дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Қазіргі таңда оның жағдайы қанағаттанарлық, перзентханада дәрігерлердің бақылауында», - деп жазылған ақпаратта.

Мамандар нәрестенің де жағдайы жақсы екенін айтуда. Жалпы бұл Сайрам ауданында пандемия басталғалы коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған алтыншы әйелдің босануы.

Серіктес жаңалықтары