$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.11.2020, 10:54
Жаңалықтар

Павлодар облысында бюджет қаржысына жиһаз сатып алған қызметкер жазаланды

Мемлекеттік мекемелерге 3 жыл мерзіміне кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салынған

Павлодар облысында бюджет қаржысына жиһаз сатып алған қызметкер жазаланды
Көрнекі фото: designadvice.ru

Осы жылдың 23-27 қараша аралығында «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Ашық бюджет» жобасы шеңберінде «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» порталында облыстың мемлекеттік органдарының бюджеттеріне мониторинг жүргізді. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

«Мониторинг нәтижесінде облыс қалаларының бірінің мемлекеттік мекемесі 96 000 теңгеге кеңсе креслосын сатып алғаны анықталды. Алайда ҚР Президентінің «Орталық, жергілікті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы өкімімен жергілікті атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді қоса алғанда (ары қарай - өкім) 3 жыл мерзіміне кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салынды», - дейді жобалық кеңседе.

Кеңсе жиһазын сатып алу жөніндегі талаптар орталық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер құрылған жағдайларға қолданылмайды.

Осыған байланысты, мемлекеттік органға кеңсе жиһазын сатып алуға қолданыстағы тыйым салу туралы хабарлама жолданды. Хабарлама-хаттан кейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңбұзушылыққа, атап айтқанда, жоғарыда аталған өкімнің талаптарын сақтамағаны үшін жауапты лауазымды тұлғаға сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Серіктес жаңалықтары