Биыл астанада құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй салынып бітеді
20-дан астам проблемалық тұрғын үй қалады
Жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған үйлер тізімінен 30 тұрғын үйді алып тастауға болады. Қалған құрылыстарды 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен аяқтау жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Өткен жылдың жазымен салыстырғанда құрылысы ұзаққа созылған үйлердің саны екі есе азаяды! Биыл құрылысын аяқтап, тағы жиырма тұрғын үйдің құжаттарын ресімдеуге кірісуді жоспарлап отырмыз. Бір жарым жыл ішінде (2019 жылдың жазынан бастап) құрылысы ұзаққа созылған үйлердің тізімінен 30 тұрғын үйді алып тастауға болады. 20-дан астам проблемалық тұрғын үй қалады. Олардың қатарында тек қазаншұңқырлары тұрған үйлер, мүлдем іргетасы қаланбағандары бар», - деп жазды қала әкімі.
«Территория комфорта-1» тұрғын үй кешені 2004 жылдан бері апатты болып саналды. Үйді техникалық тексеру жұмыстары құрылыс кезінде барлық нормалардың бұзылғанын, егер үй пайдалануға берілген жағдайда, оның құлайтынын көрсетті. Қалған құрылыстарды 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен аяқтау жоспарланып отыр.