$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2020, 12:41
Жаңалықтар

Коронавирус ағзада қанша уақыт сақталады – ғалымдар жауабы

79 ғылыми еңбек негізінде жүргізілген зерттеулер қорытындысы жарияланды

 

Коронавирус ағзада қанша уақыт сақталады – ғалымдар жауабы
Көрнекі сурет

«Ланцет» ғылыми журналында коронавирус инфекциясы жайында 79 ғылыми еңбек негізінде жүргізілген зерттеулер қорытындысы жарияланды. Ғалымдар COVID-19 жұқтырғаннан кейін адам ағзасында орта есеппен қанша уақыт сақталатынын зерттеген.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, нәтижелер төмендегідей болған:

  •  Жоғарғы тыныс жолдарында вирус 17 күн «өмір сүреді».
  • Өкпеде -14,6 күн.
  • Нәжісті талдауында -17,2 күн.
  • Қан анализінде -16,6 күн.

Алайда, кейбір жағдайларда вирустың сақталу ұзақтығы орташа көрсеткіштен едәуір асып кетеді.

Зерттеу нәтижелері нені білдіреді? Демек, ғалымдар ПТР-тестінің оң нәтижесі аурудың нақты жағдайы туралы толық түсінік алды.

«Бұл зерттеу адамдардың өздері жұқтырғаннан кейін инфекцияның аса жұқпалы болатынын көрсетеді – COVID-19 әсіресе ауру белгілерінің басталуы мен жұқтырғаннан кейінгі бесінші күн арасындағы кезеңде өте белсенді болады», - дейді зерттеу авторларының бірі доктор Муге Чевик.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, санитариялық дәрігерлердің барлық нұсқауларын орындау маңыздылығы артады, өйткені, симптомсыз коронавирусқа шалдыққан болсаңызда айналаңыздағыларға қауіпті болып қала бересіз.

Серіктес жаңалықтары