28.11.2020, 14:08
Жаңалықтар
Коронавирус жұқтырған 35 науқастың жағдайы аса қатты ауыр – ДСМ
Қазіргі таңда 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 975 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Бүгінгі күні науқастар арасында 822 бала бар. Стационарларда 3 294 науқас жатыр. 8 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», – делінген хабарламада.
Жалпы, науқастардың арасында 199 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 35 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
