Өткен тәулікте Қазақстанға ПТР анықтамасы жоқ 112 адам ұшып келді

Олар карантиндік стационарларға жатқызылды

Өткен тәулікте Қазақстанға ПТР анықтамасы жоқ 112 адам ұшып келді
Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанға ПТР тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ 112 азамат ұшып келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«26 қарашада Қазақстанға Германия, Ұлыбритания, БАӘ, Ресей, Түркия, Иран, Латия және Мысырдан 13 халықаралық әуе рейсі келді. Әуе көлігімен келген 1 496 жолаушының 1 384-інде ПТР тестілеуден өткені туралы нәтиже көрсетілген анықтамасы болды. Ал анықтамасыз келген қазақстандықтардың саны 112 адамды құрады», - деп жазылған хабарламада.

Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-сараптама әдісімен COVID-19 арналған тестілеуден өту үшін келген жерлеріндегі карантиндік стационарларға орналастырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.