27.11.2020, 21:48
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда 40-тан астам адам жиналған құдалық тоқтатылды
Сонымен қатар 70-тен астам адам жиналған той анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысын елемей, қалада құдалық тойын өткізгендер анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Кеше Бесшалқар көшесі бойындағы коттедждердің бірінде отбасылық шара өтті. Коттеджге 70-тен астам қонақ тойға келіп, санитарлық нормаларды орындамаған. Екінші құдалық тойында «Бибігүл» мейрамханасына 40-қа тарта адам жиналған. Олар әкімшілік жауапқа тартылады», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, тәулік ішінде мобильді топ кәсіпкерлік 161 нысанды тексеріп, карантиндік режимді бұзудың 6 фактісін анықтады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)