20.11.2019, 09:02
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтан, Қарағанды мен Қостанай мектептерінде сабақ тоқтатылды
Семейде бастауыш сынып оқушылары бүгін мектепке бармайды
Елордалық мектептерде күннің суытуына байланысты 0-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
20 қарашада қалада ауа температурасы -20 градус болады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Қостанайда және Рудныйда 0-7 сынып оқушыларына да бүгін сабақ болмайды. Ал, Жітіқарада 5-сыныпқа дейінгі балалар мектепке бармайды. Бұл туралы ақпарат ата-аналарға алдын-ала хабарланған.
Қарағанды мен Теміртауда да күн аяз, ауа температурасы -26 градусқа дейәін төмендеген. Осыған байланысты қос қалада да бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді