Сайрам ауданында білім басқармасы балабақша тәрбиешілерінен жалақысын қайтаруды талап еткен
Тәрбиешілер соңғы 5 айдағы еңбекақысын қайтаруға міндеттелген
Түркістан облысы Сайрам ауданының біліс бөлімі бір топ балабақша қызметкерлері 5 айлық жалақымызды мемлекетке қайтаруды талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
«Бұл мәселе біздің ауданымызда көтерілді. ҚР-ның еңбек кодексі бойынша 112 бабында көрсетілген. Бос тұрып қалу уақытында ақы төлеу мәселесін біз осы балабақшалардың жұмыстарын енгізілген болатын. Ең төменгі жалақыға түсіру. ҚР еңбек кодексінде көрсетілген. Дегенімен, бүгінгі таңда бұл ұсыныс шешімін тапқан жоқ. Өз қалпында жан басына шаққанда қаржыландыру бойынша 21 мың теңге барлық балабақша қызметкерлеріне төлеп отырмыз. Мәселе шешілді. Біздің ұсыныс хаттамамыз болатын», - дейді Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Құралай Шадиева.