24.11.2020, 14:42
Жаңалықтар
ШҚО-да карантиндік шектеулер тағы да ұзартылды
Шектеу режимі эпидемиологиялық ахуал өзгерсе, қайта қаралуы мүмкін
Көрнекі фото: yk-news.kz
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаев қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Ол өңірдің «қызыл аймаққа» жататынын ескеріп, келесідей шешімге келді:
- Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше шарттарымен 25 қараша сағат 00.00-ден бастап 08 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылады.
- Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
- Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының қызметі апта күндері бойынша шектеусіз, сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
- Ғимарат ішінде орналасқан азық-түлік базарларының және ғимараттан тыс және ішінде орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етіледі және демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері тыйым салынады.
Бұған дейін өңірде шектеу шаралары 25 қарашаға дейін ұзартылған еді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
