24.11.2020, 10:52
Жаңалықтар
Мәжіліс өлім жазасын жою туралы заң жобасын әзірлеуді бастады
Заң жобасы бойынша қорытынды 2021 жылғы 23 маусымға дейін дайындалады
Қазақстан өлім жазасын жою бойынша халықаралық міндеттемелерді қабылдайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман атап өткендей, өлім жазасын жоюға бағытталған азаматтық саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына 2020 жылғы 28 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылды.
«Хаттама еліміздің өлім жазасын жою жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабылдауына бағытталған. Комитет бұл заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша 2021 жылғы 23 маусымға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деп атап өтті депутат.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды