$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2020, 12:31
Жаңалықтар

Коронавирустың өршуіне қарапайым халықты кінәлаған «дәрігер» актриса болып шықты

Роликте балағат сөздер де кездеседі

Коронавирустың өршуіне қарапайым халықты кінәлаған «дәрігер» актриса болып шықты
Фото: instagram.com/tansholpan_bayly/

Жуырда әлеуметтік желілерде қоғамның назарын аударған видео тарады. Алайда, дәрігер кейпіндегі сұхбат берушінің сөзі қысқаметражды әлеуметтік роликтен алынған үзінді болып шықты. Бұл туралы дәрігердің образын сомдаған актриса Таңшолпан Байлы Instagram желісінде жазды.

Видеода дәрігер коронавирустың қайта өршуіне қарапайым халықтың өзін кінәлап, санитарлық талаптардың дұрыс сақталмағанын айтады. Сондай-ақ, роликте балағат сөздер де кездеседі. Әлдеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі «видео тапсырыспен түсірілген» деген пікірде болды. Ақ халаттының атынан сөйлеген «дәрігердің» шын мәнісінде актриса екені расталды. Мәселенің мән-жайын «дәрігер» кейпіне енген актриса Таңшолпан Байлы өзі түсіндірді.

«Бұл ролик біз әлі күнге дейін түсіріп жатқан қысқаметражды әлеуметтік видеоның үзіндісі. Өз қаражатымызбен түсіріліп жатқан дүние. Бізді ешкім қаржыландырып жатқан жоқ. Бұл сұхбат шынайы оқиғаға негізделген. Ешбір дәрігер мұндай сұхбат бермейтіні анық. Өйткені, ол жұмысынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл видеоның үзінідісін командадағылардың бірі WhatsApp мессенджері арқылы таратып жіберген» - деп айтты актриса Таңшолпан Байлы.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#актриса #дәрігер